Мемлекеттік Халық Құрылтайының дауыс беруімен Мемлекеттік кеңес мүшелері тізімі бекітілді

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 12 наурыз

12 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жексенбі күні таңертең өткен 14-інші мемлекеттік Халық Құрылтайы бірінші сессиясының бесінші пленарлық отырысында дауыс беруімен жаңа мемлекеттік Кеңес мүшелерінің тізімі бекітілді.

Мемлекеттік Кеңестің Премьер-министрі Ли Цян Мемлекеттік кеңестің вице-премьерін, Мемлекеттік кеңес мүшелерін, министрлерді, Орталық банк басқарушысын, Бақылау-тексеру қызметінің бас аудиторын және Мемлекеттік кеңестің Бас хатшысын тағайындады. Жоғарыда аталған лауазым иелеріне мемлекеттік Халық Құрылтайының өкілдері дауыс берді.

Мемлекет Төрағасы Си Цзиньпин жоғарыда аталған лауазымды тұлғаларды тағайындау туралы Төрағалық Жарлыққа қол қойды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото