Қазақстанның Қытайдағы елшісі:Қытайдағы қазақстандықтар үш сайлау учаскесінде дауыс бере алады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 13 наурыз
Қазақстанның Қытайдағы елшісі:Қытайдағы қазақстандықтар үш сайлау учаскесінде дауыс бере алады

13 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 10 наурыз Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінде баспасөз мәслихатын өткізіп, жергілікті БАҚ өкілдеріне алда өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы туралы ақпараттармен бөлісті.

Іс-шара барысында Қазақстанның Елшісі Ш.Нұрышев қытайлық тілшілерді ағымдағы сайлау науқаны барысымен, ҚР сайлау жүйесінің ерекшеліктерімен, сондай-ақ жалпы Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформалармен жан-жақты таныстырды.

Елші өз сөзінде: «Мәжіліс (Парламенттің төменгі палатасына) және мәслихат (жергілікті кеңеске) депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылғы 19 наурызда өтеді. ҚХР-да тұратын Қазақстан азаматтары 2023 жылы 19 наурызда Бейжің уақыты бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін Қазақстанның Қытай аумағында дипломатиялық және консулдық мекемелер жанында орналасқан 3 сайлау учаскелерінде (Бейжің, Шанхай, Сянган) дауыс бере алады»,- деді.

Ш.Нұрышев жиналған Қытайлық БАҚ өкілдеріне «Алдымен Президент сайлауын, одан кейін мәжіліс пен мәслихатқа сайлау өткізу бізге елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен стратегиялық міндеттерін шұғыл шешуге мүмкіндік береді», - деп кезектен тыс сайлаудың маңызымен бөлісті. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото