Қазақстанның Қытайдағы елшісі:Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол тасымалының көлемі жаңа рекорд орнатты

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 13 наурыз
Қазақстанның Қытайдағы елшісі:Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол тасымалының көлемі жаңа рекорд орнатты

13 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 10 наурыз Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінде баспасөз мәслихатын өткізді. Онда елші Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарының қазіргі жағдайы туралы ақпараттармен бөлісті. Екі ел арасындағы теміржол тасымалының көлемі 2022 жылы 23 миллион тоннаға жетіп, жаңа рекорд орнатты деп таныстырды.

Іс-шара барысында Ш.Нұрышев: «Қытай үнемі Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі болды. Қытай статистикасына сәйкес, екі елдің сауда көлемі 2022 жылы рекордтық деңгейде 31,2 миллиард АҚШ долларын құрап, 23,6% өсімге қол жеткізді. 2022 жылы Қытайдың Қазақстанға салған инвестициясы 23 миллиард АҚШ долларына жетті. 2014 жылдан бастап Қытай Қазақстанда өндірістік қуаттылықты арттыру бойынша 50-ге жуық жобаға инвестиция салды. Бұл шамамен 20 миллиард АҚШ долларын құрайды. Қытай-Еуропа пойыздарының 50%-дан астамы Қазақстанды басып өтеді. Ал Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол тасымалының көлемі 2022 жылы 23 миллион тоннаға жетіп, жаңа рекорд орнатты», - деп таныстырды.

Елші: «Қазақстан Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасын ұсынған алғашқы ел ретінде «Цифрлық Жібек жолы», «Жасыл Жібек жолы» және «Салауатты Жібек жолы» шеңберінде, сондай-ақ цифрландыру, жасыл технологиялар және инновация саласындағы өзге де бастамаларды іске асыруда неғұрлым прагматикалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға дайынбыз», - деді.

2022 жылдың шілдесінен бастап Қазақстан Қытай азаматтары үшін 14 күндік визасыз режим енгізді. Елші екі ел арасында экономикалық және сауда ынтымақтастығын нығайту және дамыту мақсатында өзара визалық шектеулерді алып тастауға мүдделі екенін айтты. Ол: «Өзара мәдени орталықтар құру, танымал Қытай университеті филиалын ашу, Қазақстанда Лубань шеберханасын құру, сондай-ақ жастармен мәдени алмасуларды жаңғырту бойынша талқылаулар жүргізілуде екенін жеткізді. Тілшілердің сұрағына жауап беру кезінде елші Қытай 8 қаңтардан бастап індеттің алдын алу және тізгіндеу шараларын жеңілдеткеннен бері, екі ел арасындағы қарым-қатынастың көбейгенін айтты. Бұрын аптасына 1 рет қатынайтын ұшақ рейсі қазір бір апта ішінде 12 рейске жеткенін, енді індетке дейінгі аптасына 30 рет ұшатын көлемді қалпына келтіруге тырысатынын жеткізді.

Қазақстан мен Қытай Біріккен Ұлттар Ұйымын қамтыған көпжақты институттармен тығыз ынтымақтасып келеді. Биыл Қытай «Қытай+Орталық Азиядағы бес ел» мемлекет басшыларының бірінші саммитін және «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастығы бойынша жоғары деңгейдегі үшінші форумды өткізеді. Елші Қазақстанның бұл екі негізгі іс-шараны қолдайтынын және ҚР мемлекет басшысы Қытайға келіп шараға қатысуды күтіп отырғанын жеткізді. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото