Шаньдун қытырлақ сірнесі

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 14 наурыз

14 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытырлақ сірне-Шаньдундағы әйгілі дәстүрлі тағам. Қытырлақ сірне - ет пен көкөністерді араластырып дайындалады, қоректік құрамдарға бай болады.

Қырыққабатты қазан түбіне салып, оның үстіне балық, ет, балдыр, лотос тамырын қойып, содан кейін бұршақ ірімшігі, саңырауқұлақ, жержаңғақ және т. б. қосылады. Соңында бір тамшы су қоспай, қырыққабатпен бетін жауып тастаймыз. Дайындық біткен соң, ет әбден қытырлап, көкөністер езілгенге дейін бірнеше сағат пісіріледі.

Қытырлақ сірне бүгінде тек дәмді тағам ғана емес, халықтық тағам дәстүрі мен мәдениетінің символына айналды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото