Қытай-Қазақстан логистикалық ынтымақтастық базасынан (Ляньюньган) аттанған Қытай-Еуропа пойызы 5 мыңнан асты

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 15 наурыз
Қытай-Қазақстан логистикалық ынтымақтастық базасынан   (Ляньюньган) аттанған Қытай-Еуропа пойызы 5 мыңнан асты

15 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Нанкин кеденінің статистикасына сәйкес, 14 наурыздағы жағдай бойынша «Бір белдеу, бір жол» Халықаралық экономикалық және сауда ынтымақтастығы мақсатында жүзеге асырылған алғашқы платформа жобасы ретінде Қытай-Қазақстан логистикалық ынтымақтастық базасы (Ляньюньган) жалпы 5 000 Қытай-Еуропа пойызын жіберіп, 440 000-нан астам TEU-ні тасымалдады. Оның ішінде батыс бағыттағы транзит 157 000 TEU-ге жетіп, елдегі жетекші көрсеткішке айналды. Пойыз бағыттары Орталық Азияның бес елінен Түркия, Германия, Ресей, Моңғолия және басқа елдерді қамтитын 6 желіге кеңейді, барлығы 104 халықаралық жүк стансасы бар.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото