Еңбекшілер мерекесі кезінде саяхатқа өтінімдер алдын ала жарияланады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 24 наурыз

24 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Соңғы уақытта ішкі туристер үшін көктемгі экскурсиялар танымал болып келеді. Flying Pig туристік қызмет платформасы жариялаған соңғы есеп көктемгі серуендеуге байланысты тауарларға тапсырыс беру соңғы айда тез өсіп, 2019 жылдың сәйкес кезеңінен асып түскенін көрсетіп отыр. «Бірінші мамыр» (еңбекшілер мерекесі)мерекесі жақындаған сайын туристердің алдын ала тапсырыс беруі өткен үш жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсті және ұзақ мерзімді саяхатқа да сұраныс артты.

Қазірге дейін «Бірінші мамыр»(еңбекшілер мерекесі)мерекесіне арналған саяхатқа тапсырыс саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда үш есе көбейді. Оның 80%-дан астамы өлке аттаған және шетелге шығу саяхаттарына тиесілі. Сянган, Аомэнь және Тайваннан басқа, Ішкі Моңғұл, Хубэй, Цзянсу, Фудзянь және т.б. туристік сапарларға тапсырыс беру тез өсіп, саяхатшылар аралағысы келетін жерлерге айналды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото