Сауда министрлігі: Қытайдың шетелдік инвестициялары қаңтардан ақпанға дейін тез өсті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 28 наурыз

27 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 27 наурызда сауда министрлігінің ресми сайты осы жылдың қаңтар-ақпан айлары аралығында Қытайдың шетелдік инвестициялары тез өсіп, тікелей шетелдік қаржылық емес инвестициялар 136,04 миллиард юаньды құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 35,7%-ға өскені туралы мағлұмат жариялады.

Олардың ішінде қытайлық компаниялар «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдерге қаржылық емес тікелей инвестицияларға 44,04 миллиард АҚШ долларын инвестициялады. Ол өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 27,8%-ға өсті.

Биылдың алғашқы екі айында шетелдік келісімшарттары бар қытайлық жобалардың айналымы 126,69 миллиард юань болды. Ол өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 11%-ға өсіп отыр. Қытайлық компаниялардың «Бір белдеу, бір жол» бойында орналасқан елдерде аяқтаған жобаларының айналымы 110,25 миллиард АҚШ доллары болды, ал жаңа келісімшарт сомасы 112,28 миллиард АҚШ долларына жетті. Бұл сәйкесінше сол кезеңдегі жалпы көлемнің 56,2%-ы және 49%-ы.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото