Бейжіңде өздігінен жүретін «таксилер» жолаушыларды тасымалдай бастады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 28 наурыз

28 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Бейжіңнің Ичжуан аумағында жолаушылар ұялы телефон көмегімен жүргізушісіз «таксиді» шақыра алатын болды. Жақында Pony.ai және басқа компаниялар Бейжіңнің жоғары деңгейлі автономды жүргізу демонстрациялық аймағында «жүргізушісіз такси қызметін» көрсетуге арналған лицензиялардың бірінші партиясын алды. Нәтижесінде оларға Экономикалық даму аймағында жүргізушісіз сапарларды бастауға рұқсат етілді.

Лицензияға сәйкес, Pony.ai сияқты компаниялар Бейжіңнің Экономикалық даму аймағының 60 шаршы шақырымдық аумағында жүргізушісіз «такси» қызметін ұсына алады. Енді азаматтар компания іске қосқан қосымшаны жүктеп алып, өздігінен жүретін «таксиді» шақыра алады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото