Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регион ҚКП комитетінің хатшысы Ма Синжуй Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Әріповпен кездесті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 30 наурыз

30 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 29 наурыз күні Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регион ҚКП комитетінің хатшысы Ма Синжуй Ташкентте Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Әріповпен кездесті.

Ма Синжуй Қытайдың Шыңжаңынан Өзбекстанға баратын достық алмасу делегациясын бастап барды.

Ресми өкіл екі тараптың мемлекет басшылары қол жеткізген маңызды консенсусты байыпты іске асыратынына, «Бір белдеу, бір жол» және «Жаңа Өзбекстан» бастамаларының стратегиялық тоғысуын бірлесіп ілгерілететініне, сондай-ақ сауда, инвестиция, көлік, энергетика, инфрақұрылым, ғылым мен технология, білім беру, гуманитарлық ғылымдар және т. б. салалардағы ынтымақтастықты тереңдететініне сенім білдірді. Екі тараптың кәсіпорындары арасындағы бірлестік пен түйісу де нығаятын болады. Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жолы сияқты негізгі жобалардың құрылысын жеделдетеді және жоғары деңгейдегі ашық ынтымақтастықтың арқасында екі тарап халықтарына айтарлықтай әл-ауқат басымдығын әкеледі.

Сапар барысында Қытайдың Шыңжаң - Ұйғыр автономиялық регионы Өзбекстанның Ташкент және Самарқанд облыстарымен Достық шарт жасау ниеті туралы құжатқа қол қойды. Екі тараптың тиісті кәсіпорындары ынтымақтастық жобасына қол қою рәсімін өткізді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото