- Барлық ақпарат
Қытай сұйытылған табиғи газды юаньмен есептеу бойынша алғашқы трансшекаралық транзакцияны аяқтады
30 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- CNOOC-тан алынған ақпарат бойынша, Шанхайда импортталған сұйытылған табиғи газды юаньмен сатып алу туралы алғашқы келісім жасалды. Бұл - Қытайдың мұнай және газ саудасы бойынша юаньмен трансшекаралық есеп айырысу операцияларын зерттеудегі маңызды қадамы.
Ақпаратқа сәйкес,CNOOC және total Energy бұл келісімге Шанхайдағы Мұнай және газ сауда орталығында қол жеткізді. Сұйытылған табиғи газ ресурстары SSAGPS мүшесі - Біріккен Араб Әмірліктерінен келеді. Юань арқылы есеп айырысқан сұйытылған табиғи газдың көлемі шамамен 65 000 тонна.
2022 жылы Қытай 500 млн тоннадан астам шикі мұнай мен 100 млн тоннадан астам табиғи газ импорттады, - деп хабарлайды Бас кеден басқармасы. Олардың ішінде сұйытылған табиғи газ импортының көлемі 63,44 млн тонна.
people.cn © People's Daily Online