Алғашқы екі айда Шыңжаңның ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерден импорттаған ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерінің сауда көлемі 70%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 3 сәуір

3 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Үрімжі кеденінен алған ақпаратына сәйкес, алғашқы екі айда Қытайдың Шыңжаңының Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттерден импорттаған ауыл шаруашылығы және азық-түлік тауарларының сауда көлемі 1,149 млрд юаньға жетіп, өткен жылғы сәйкесті кезеңмен салыстырғанда 67,3% -ға өсті.

Соңғы жылдары Шыңжаң мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы ауылшаруашылық және азық-түлік саудасы кеңейіп келеді. Шыңжаң негізінен ет, сүт өнімдері, су өнімдері, кептірілген жемістер мен көкөністер, жаңғақтар, астық және т. б. импорттайды.

Үрімжі кеденінің Азық-түлік өнімдерін импорттау және экспорттау қауіпсіздігі департаментінің директоры Ли Вэньгэ 2022 жылы Үрімжі кедені Қазақстан, Өзбекстан және басқа бес елмен бірлескен күш-жігердің арқасында 10-нан астам су өнімдерінің импорттау алдындағы тәуекелдерін бағалағанын және Өзбекстанның кептірілген қауындары мен бұршақтарын импорттауға оң ықпал еткенін айтты. Бүгінгі таңда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Қытайға 12 санаттағы жануарлар мен өсімдіктерден алынатын өнімдердің 699 түрін кіргізе алады.

Үрімжі кеден статистикасына сәйкес, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерден Қытайдың Шыңжаңына әкелінетін ауыл шаруашылығы және азық-түлік тауарларының сауда көлемі 2017 жылғы 2,455 миллиард юаннан 2022 жылы 4,784 миллиард юанға дейін ұлғайып, 2,329 миллиард юаньға немесе 94,9%-ға өсті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото