1 300 тоннадан астам қазақстандық арпа дәні тиелген арнайы пойыз Хунаньға келді

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 6 сәуір
1 300 тоннадан астам қазақстандық арпа дәні тиелген арнайы пойыз Хунаньға келді

6 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 4 сәуірде Қазақстаннан 50 контейнерге 1 300 тоннаға жуық арпа тиеп қайтқан арнайы пойыз Хунань өлкесінің Юэян қаласындағы Чэнлинжиге келді. Бұл - «Бір белдеу, бір жол» бойында орналасқан елдер мен аймақтардан Юэянға астық импорттауға арналған биылғы бірінші халықаралық пойыз.

Пойыз Қазақстаннан жолға шығып, Шыңжаңдағы Алашанькоу порты арқылы елге кіріп, 10 000 шақырымнан астам жол басып, Чэнлинзиге жетті. Бұл арпалар соңында Юэянның экономикалық даму аймағына жем-шөп өңдеу үшін жіберіледі.

Болашақта Юэйянның мал шаруашылығы кәсіпорындарының жем-шөп сұранысын қанағаттандыру үшін Қазақстанның арпа мен жүгері сияқты астық өнімдері де осы араға бірінен соң бірі келетін болады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото