Теңізді кемемен кесіп өтетін пойыз

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 11 сәуір

11 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Гуандун-Хайнань теміржол паромы - еліміздегі алғашқы теңіз теміржол каналы. Ол 2003 жылы 7 қаңтарда пайдалануға берілген. Теңізбен жүретін жолының арақашықтығы шамамен 12,5 теңіз милін (шамамен 22,5 километр) құрайды. Жыл сайын шамамен 3 600 жолаушылар пойызын, 1 900 жүк пойызын, 3 миллион жолаушыны және 700 000 автомобильді тасымалдайды. Бұл Хайнань мен құрлықтық Қытай арасында теміржол жоқтығы тарихын аяқтап, Хайнань еркін сауда портының құрылысының дамуына ықпал етті.

Паромның ең үлкен ерекшелігі ― пойыз, автомобиль және жолаушылар теңізді бірге кесіп өтеді. Пойыздың кемеге шығуын жүзеге асыру үшін пойыз алдымен төртке бөлініп, кезекпен паромға кіреді. Паром жағалауға жеткеннен кейін пойыздың бөлшектелген вагондары қайта құрастырылады, осылайша пойыз теңізден өтеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото