Хайкоудағы Цилоу көшесінен Наньянның өзгеше стилін сезініңіз

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 11 сәуір

11 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Хайкоу қаласындағы ескі Цилоу көшесі Хайнань өлкесінің сыртқы әлемге ерте ашылуымен тығыз байланысты. Кейінгі Цин әулеті кезінде (XIX ғасырдың аяғында) «Наньянға» барған көптеген шетелдегі қытай Бангкокқа, Куала-Лумпурға, Сингапурға және Оңтүстік-шығыс Азияның басқа жерлеріне теңіз сауда жолдары арқылы келіп, Оңтүстік-шығыс Азия аркад стиліндегі архитектураны Хайкоуға апарады. Бизнесті жүргізіп, сауданы жеңілдету үшін аркада интерьері «алды дүкен, арты зауыт немесе асты дүкен, үсті үй» түрінде жобаланған.

Бүгінде 4,4 шақырымдық ескі Цилоу көшесі өзінің бастапқы көрінісін сақтап келеді. Мұнда әлі күнге дейін көптеген архитектура ғимараты бұрынғы қалпында тұр. Уақыттың сырғуымен көптеген дүкен мен ғимарат ғасырлық тарихи және мәдени жәдігерлерге айналды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото