Бірінші тоқсанда 4186 Қытай-Еуропа пойызы жөнелтілді

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 12 сәуір

12 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 10 сәуірде Қытайдың мемлекеттік теміржол корпорациясы жариялаған мәліметтерге қарағанда, үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында 4186 Қытай-Еуропа пойызы жөнелтіліп, 449000 TEU тасымалданған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15% және 28% - ға жоғары. Олардың ішінде, наурыз айында 1488 Қытай-Еуропа пойызы жөнелтіліп, 162000 TEU жөнелтілген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, сәйкесінше 31% -ға және 52%-ға артық. 2020 жылдың мамырынан бастап 35 ай қатарынан ай сайын мыңнан астам пойыз жолға шығып отырған.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото