- Барлық ақпарат
Қытайдың тауар саудасындағы импорт пен экспорт көлемі бірінші тоқсанда 4,8%-ға өсті
14 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 13 сәуірде Қытайдың Бас кеден басқармасына жауапты тиісті тұлға баспасөз мәслихатында Қытайдың сыртқы саудасының импорты мен экспорты бірінші тоқсанда өткен жылғы сәйкесті кезеңмен салыстырғанда 4,8%-ға өскенін айтты.
Кедендік статистика көрсеткендей, биылдың бірінші тоқсанында Қытайдың сыртқы саудасының импорты мен экспортының жалпы құны 9,89 трлн юаньды құрады, бұл өткен жылғы сәйкесті кезеңмен салыстырғанда 4,8%-ға жоғары. Оның ішінде экспорт 5,65 трлн юаньды құрап, өткен жылғы сәйкесті кезеңмен салыстырғанда 8,4%-ға артты; импорт 4,24 трлн юаньды құрап, өткен жылғы сәйкесті кезеңмен салыстырғанда 0,2%-ға өсті.
АСЕАН - еліміздің ең ірі сауда серіктесі, АСЕАН-ға импорт пен экспорт көлемі 1,56 трлн юаньға жетіп, өткен жылғы сәйкесті кезеңмен салыстырғанда 16,1%-ға өсті, бұл еліміздің жалпы сыртқы саудасының 15,8%-ын құрайды. Еуропалық Одаққа, Америка Құрама Штаттарына, Жапонияға және Оңтүстік Кореяға импорт пен экспорт сәйкесінше 1,34 трлн юань, 1,11 трлн юань, 546,41 миллиард юань және 528,46 миллиард юань болды.
Сол кезеңде Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бойында орналасқан елдермен импорты мен экспорты 3,43 трлн юаньды құрап, өткен жылғы сәйкесті кезеңмен салыстырғанда 16,8% - ға өсті. Еліміздің RCEP-ке мүше басқа 14 мемлекетпен болған импорты мен экспортының жалпы көлемі 3,08 трлн юань, бұл өткен жылғы сәйкесті кезеңмен салыстырғанда 7,3%-ға артық.
people.cn © People's Daily Online