Қытайда бірінші тоқсанда 248 000 автомобиль экспортталды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 18 сәуір
Қытайда бірінші тоқсанда 248 000 автомобиль экспортталды

18 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың автомобиль өнеркәсібі қауымдастығы жариялаған соңғы мәліметтер елде жаңа энергетикалық автомобильдер өндірісі наурыз айында жақсы дамып, өндіріс пен сатылым тез өскендігін көрсетті. Сол айда жаңа энергетикалық автомобильдер өндірісі мен сатылымы 674 000 және 653 000 бірлікке жетіп, сәйкесінше 44,8% және 34,8%-ға ұлғайған. Сонымен бірге 78 000 жаңа энергетикалық көлік экспортталып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,9 есеге артқан.

Деректер көрсеткендей, тұтынушылардың көпшілігі жаңа энергетикалық көліктерге басымдық берген. Қытай автомобиль қауымдастығы бас хатшысының орынбасары Чень Шихуаның айтуынша, осы жылдан бастап Қытайда жаңа энергетикалық көлік өндірісі мен сатылымы жыл сайынғы сәйкес мезгілден артқан. Олардың нарықтағы үлесі айтарлықтай өсіп, наурыз айында 26,6%-ға жеткен. Соның нәтижесінде, жаңа энергетикалық көліктердің әлемдік нарығында Қытайдың үлесі 64%-ға жетіп, көшбасшылық орнын сақтап қалды.

Экспорт жаңа энергетикалық көлік нарығына жаңа мүмкіндіктер ашты. Қытай автомобиль қауымдастығының мәліметтері бойынша, бірінші тоқсанда 248 000 жаңа энергетикалық көлік экспортталды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1 есеге көбейген. Олардың ішінде BYD барлығы 43 000 автомобиль экспорттап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,8 есеге артты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото