Қытайдың ЖІӨ бірінші тоқсанда сәйкес мезгілмен салыстырғанда 4,5%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 19 сәуір

19 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 18 сәуірде Ұлттық статистика бюросы бірінші тоқсандағы экономикалық көрсеткіштерді жариялады. Алдын ала есептеулер көрсеткендей, бірінші тоқсандағы жалпы ішкі өнім тұрақты бағамен есептелгенде 28 499,7 миллиард юаньды құрады. Бұл сәйкес мезгілмен салыстырғанда 4,5%-ға және өткен жылдың төртінші тоқсанына қарағанда 2,2%- ға өсті.

Экономикалық өсу тұрақтанды және қалпына келді. Ауылшаруашылық өндіріс жүйесі тұрақты бола бастады. Бірінші тоқсанда ауыл шаруашылығының, орман шаруашылығының, мал шаруашылығының және балық шаруашылығының жиынтық құны өткен жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 3,8%-ға өсті. Өнеркәсіп қайта жанданды. Бірінші тоқсанда ұлғаю өзгерісіне қатыссыз салалардың жалпы құны жыл сайын 3%-ға өскен. Аталмыш көрсеткіш өткен жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда 0,3 пайыздық тармаққа жоғары. Қызмет көрсету саласының өсу қарқыны да айтарлықтай болды. Бірінші тоқсанда бұл саланың жиынтық құны сәйкес мезгілмен салыстырғанда 5,4%-ға өсіп, өткен жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда 3,1 пайыздық тармаққа жоғарылады.

Ішкі сұраныс біртіндеп кеңейіп келеді. Бірінші тоқсанда тұтыну тауарларын бөлшек саудада сатудың жалпы көлемі сәйкес мезгілмен салыстырғанда 5,8%-ға ұлғайды. Ал қызмет түрлерін бөлшек саудада сату екі таңбалы өсімді сақтап қалды. Бірінші тоқсанда негізгі капиталға салынған инвестициялар өткен жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 5,1%-ға артты.

Жұмысқа орналасу мен тауар бағасы жалпы түрде орнықты. Бірінші тоқсанда қалаларды ұлттық зерттеу деректері бойынша жұмыссыздықтың орташа деңгейі 5,5% құрады. Бұл өткен жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда 0,1 пайыздық тармаққа төмендеді және жұмыспен қамту жағдайы жақсарды. Бірінші тоқсанда тұтыну бағаларының индексі 1,3%-ға өсті. Азық-түлік пен энергия көздерін есепке алмағанда, тұтыну бағаларының базалық индексі сәйкес мезгілмен салыстырғанда 0,8%-ға артып, қаңтар мен ақпан айлары теңеліп, негізінен тұрақты көрсеткішті сақтап қалды.

Жоғары деңгейдегі ашықтық ілгеріледі. Бірінші тоқсанда Қытайдағы тауарлардың импорты мен экспортының жалпы көлемі сәйкес мезгілмен салыстырғанда 4,8%-ға артты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото