- Барлық ақпарат
Көпір құрылысы Гуйчжоудың экономикалық дамуына көмектесті
Хуацзян шатқалына салынып жатқан көпір (2023 жылдың қаңтары). Фотоны онлайн «Халық Газетінің» тілшісі Ту Минь түсірген
19 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Жер бедерінің ерекшелігіне байланысты Гуйчжоу өлкесіне жол салу үшін көпір құрылысы қажет. Гуйчжоудағы көпір сарапшысы және Guizhou Expressway Group бас инженерінің бұрынғы орынбасары Хуан Куньцюань Гуйчжоудағы көптеген әлемдік деңгейдегі көпір жобаларының құрылысына қатысқан. Ол «Бұл жер бедерінің жағдайы өте нәзік әрі күрделі, тіпті тегіс құрылыс алаңын табу да қиын. Осындай жағдайда көпір салу машақаты мол, қиын жұмыс!»,- дейді.
Статистикаға сәйкес, соңғы 10 жыл ішінде Гуйчжоу көпір салушыларының қиындықтардан қорықпайтын және жаңашылдыққа деген батыл рухына сүйене отырып, бүкіл өлке көпір салу бойынша 20 техникалық нұсқаулық пен 7 жергілікті стандартты шығарды. Сонымен қатар 13 патентке өтініш берді. Бұл бірқатар ел ішіндегі техникалық ақтаңдақтарды толтырды және әлемдегі алғашқы ондықты құрды. Көпір салушылардың үздіксіз зерттеулеріне сүйене отырып, қазіргі уақытта Гуйчжоу көпірлерінің құрылыс технологияларының саны, ауқымы, пішіні, құрылымы, материалдары мен құрылыс түрі бірлесіп, сирек кездесетін «кластерлік құбылыс» қалыптастырды. Сөйтіп, әлемдік деңгейдегі «көпір мұражайын» бірлесіп құрды.
Көптеген жылдар бойғы тынымсыз күш-жігердің арқасында Гуйчжоу көпір салу мен көлікті жаңартудан бастап, экономикалық және әлеуметтік дамуға дейін үздіксіз жетістіктерге қол жеткізді. Асқар тау, терең шатқалдардан «көпірлер айқасқан» күнге жетіп, үлкен көпірлер дамудың жоғары жылдамдықты жолдарын байланыстырды. Бұл Гуйчжоудың дамуына сенімді кепілдік береді.
Жақсы дамыған көлік желісіне сүйене отырып, Гуйчжоу бір кездері жергілікті дамуға бөгет болған құлама шыңдарды, терең шатқалдарды, үңгірлер мен сазды жерлерді «Тас саябағына» айналдырды. Соңғы 10 жылда Гуйчжоуға барған туристердің жалпы саны 2011 жылғы 170 миллионнан 2021 жылы 640 миллионға дейін өсті. Ал туризмнің жалпы кірісі 142,95 миллиард юаньнан 664,22 миллиард юаньға дейін өсті. Осылайша «Әлемдік деңгейдегі тау туризмінің бағыты» қалыптасуда.
Оңтайлы дамыған көлік желісіне сүйене отырып, Гуйчжоу «үлкен деректерді» енгізді. Соңғы жылдары Гуйчжоу «Оңтүстік Қытай деректер орталығының демонстрациялық базасын» және ұлттық деңгейдегі магистральдық интернетке тікелей қосылу нүктесін нөлден бастап құрып, ұлттық интеграцияланған есептеу желісінің сегіз ұлттық байланыс торабының біріне айналды. Өлкеде 37 негізгі деректер орталығы жұмыс істейді және салынуда. Бұл оны әлемдегі ең үлкен және аса көлемді деректер орталығы бар өлкелердің біріне айналдырады. Ұлттық деңгейдегі үлкен деректерді кешенді пайдаланудың бірінші пилоттық және цифрлық экономикалық дамудың инновациялық аймақтарын салуды жеделдетудің арқасында, Гуйчжоуда цифрлық экономиканың өсу қарқыны жеті жыл қатарынан елде бірінші орында тұр.
people.cn © People's Daily Online