Әлемдегі алғашқы биік көпірдің құрылысы жоспарлы түрде жүріп жатыр

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 20 сәуір

Хуацзян шатқалындағы көпір құрылысы (2023 жылдың қаңтарында түсірілген). Фотоны онлайн «Халық Газетінің» тілшісі Ту Минь түсірген

Хуацзян шатқалындағы көпір құрылысы (2023 жылдың қаңтарында түсірілген). Фотоны онлайн «Халық Газетінің» тілшісі Ту Минь түсірген

20 сәуір, онлайн «Халық Газеті» --  Гуйчжоу өлкесіндегі Хуацзян үлкен шатқалын «жершарындағы жарықшақ» деп атайды. Шатқалдың екі жағындағы құлама жартастар мен ұзаққа созылған тулардың биіктігі мыңдаған метрге жетеді. Қазіргі уақытта Аньшун қаласының Гуаньлин Буйи, Мяо автономиялық ауданында орналасқан Хуацзян шатқалы арқылы өтетін көпірдің құрылысы жүргізілуде.

Хуацзян шатқалында салынған көпір Бейпань өзені арқылы өтеді және Лючжи-Аньлун жылдам жолының негізгі жобасы болып табылады. Жоба ресми түрде 2021 жылы іске асты. Көпірдің жалпы ұзындығы 2890 метр, ал көпір палубасы мен су беті арасындағы тік қашықтық 625 метр. Құрылыс 2025 жылдың 30 маусымында аяқталады деп күтілуде. Хуацзян шатқалы арқылы өтетін көпір Бейпаньцзян Ханчжоу Руйли жылдам көпірінен асып түсіп, әлемдегі жаңа әрі ең биік көпір болмақ. Көпір құрылысына бірқатар жаңа технологиялар, жаңаша процестер мен заманауи жабдықтар қолданылды.

«Әлемдегі № 1 биік көпір» Гуйчжоуда қайтадан жаңартылды. Бұл Гуйчжоудағы тағы бір көпір құрылысындағы бетбұрыс. Қытайдағы жазық жерлері аз жалғыз өлке болғандықтан, Гуйчжоу ғажайыптар жасауды жалғастыруда. Асқар таулардың арасынан көпірлер айқасып, Гуйчжоуда аталмыш құрылыс деңгейі әлемдік мәртебеге жетті.

Чень Цзицуань

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото