Бірінші тоқсанда Қорғас портының импорттық және экспорттық жүктерінің көлемі айтарлықтай ұлғайды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 21 сәуір

21 сәуір, онлайн «Халық Газеті» --  Осы жылдың бірінші тоқсанында Қорғас порты жолаушылар мен жүк тасымалын тең жүзеге асырды. Сауданың әртүрлі әдістері қатар жүріп, импорттық және экспорттық тауарларды кедендік ресімдеу одан әрі жеңілдетілді. Теміржол порттары мен автомобиль порттарындағы импорттық және экспорттық жүктердің көлемі айтарлықтай өсті.

Қорғас кедендік статистикасына сәйкес, биылғы жылдың алғашқы үш айында Қорғас кедені бақылайтын темір жол тасымалдарындағы импорттық және экспорттық жүк көлемі 2,301 млн тоннаны құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 48,8%-ға ұлғайды. Оның ішінде импорттық тауар көлемі 1,131 млн тоннаны құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 185%-ға артты; экспорттық жүктердің көлемі 1,17 млн тоннаны құрап, өткен жылғы аталмыш кезеңмен салыстырғанда 1,8%-ға ұлғайды. Қорғас кеденінің қадағалауымен автомобиль көлігімен тасымалданған импорттық және экспорттық жүктердің көлемі 215 000 тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 62%-ға жоғары. Оның ішінде импорттық жүктердің көлемі 11 000 тоннаны құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 73 есе көп болды. Экспорттық жүктердің көлемі 204 000 тоннаны құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 53,9%-ға жоғарылады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото