Бейжің 2027 жылғы жеңіл атлетикадан әлем чемпионатын өткізуге өтініш береді

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 24 сәуір

24 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 22 сәуірде Қытай жеңіл атлетика қауымдастығының ресми сайты «Қытай жеңіл атлетика қауымдастығының 2027 жылғы жеңіл атлетикадан әлем чемпионатына өтініш беру нәтижелері туралы хабарландыруын» жариялады. Хабарландыруға сәйкес, Қытайдың жеңіл атлетика қауымдастығы 2027 жылғы жеңіл атлетикадан әлем чемпионатын өткізуге үміткер қалаларды таңдауды аяқтады. Зерттеуден кейін өтінім беріп, тиісті шарттарды орындауға тек Бейжің қаласының әлеуетінің толықтығы анықталды.

23 сәуірде тілшінің Бейжің қалалық спорт бюросынан алған ақпаратына сәйкес, Бейжің 2027 жылғы жеңіл атлетикадан әлем чемпионатын 12 жылдан кейін қайта ұйымдастыратынын асыға күтеді.

Жеңіл атлетикадан әлем чемпионатын 1983 жылы құрылған Дүниежүзілік жеңіл атлетика федерациясы өткізеді. Әлем чемпионаты бастапқыда төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын. 1991 жылдан бастап екі жыл сайын өткізіліп отырды. 2015 жылы Бейжіңдегі «Құс ұясы» ұлттық стадионында жеңіл атлетикадан 15-інші әлем чемпионаты өткен болатын.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото