- Барлық ақпарат
[Төраға Си Цзиньпиннің ұлттық сый-кәделері] «Халық Газетінің» 19-ыншы санын ұсынды, Қытай-Вьетнам достығын дамытайық
25 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Вьетнамның Ханой қаласында қарапайым екі қабатты үй бар. Ол бір кездері Вьетнам Коммунистік партиясының жетекшісі Хо Ши Миннің жұмыс істеген және тұрған жері. 2017 жылдың 13 қарашасында осы шағын ағаш ғимараттың алдында Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы және ҚХР Президенті Си Цзиньпин Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы Нгуен Фу Чонгға сыйлық ретінде «Халық Газетінің» 19-ыншы санын ұсынды.
Олардың ішіндегі газеттің 3 санында 2017 жылдың қаңтарында Нгуен Фу Чонгнің Қытайға сапары туралы есептер жарияланған. Басқа 16 санын Си Цзиньпин: «Бұл Президент Хо Ши Миннің 1955 жылы Қытайға барған кездегі газеті. Біз оны табуға біраз күш салдық», - деп түсіндірді. Нгуен Фу Чонг мұны естігенде қатты тебіренді.
1955 жылы 26 маусымда «Халық Газетінің» бірінші бетінде Мао Цзэдун, Чжоу Эньлай және ҚКП-ның басқа жетекшілерінің Хо Ши Минмен бірге түскен топтық фотосуреті жарияланды.
1955 жылғы 26 маусымдағы «Халық Газетінің» бірінші беті
Келесі күні, «Халық Газетінің» бірінші бетінде Хо Ши Миннің «Біздің екі елдің арасындағы достық пен тығыз қарым-қатынас мәңгілік және бұзылмайды. Оларды ешкім бөле алмайды, іріткі салып, кедергілер жасай алмайды», - деген сөзі жарияланды.
2017 жылдың 13 қарашасында Си Цзиньпин мен Нгуен Фу Чонгмен бірге Хо Ши Миннің бұрынғы жұртында серуендеп, әңгімелесіп, Қытай мен Вьетнамның аға буын көшбасшыларының достығын сезінді. Төраға Си Цзиньпин: «Біз Төраға Мао Цзэдун, Чжоу Эньлай, Төраға Хо Ши Миннен үйренуіміз керек. Қытай-Вьетнам достығына мұрагерлік етіп, дамытып, екі ел халқының игілігіне жаратуымыз керек»,- деді.
2017 жылдың 13 қарашасында Си Цзиньпин Ханой қаласында Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы Нгуен Фу Чонгмен кездесті. Кездесуден кейін Си Цзиньпин Нгуен Фу Чонгмен бірге Хо Ши Миннің бұрынғы қонысына барып, әңгімесін жалғастырды. Фотоны Лань Хунгуан түсірген
people.cn © People's Daily Online