Алашанькоудағы трансшекаралық индустриялық электронды коммерция паркі жобасының негізгі құрылымы аяқталды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 25 сәуір

24 сәуір, онлайн «Халық Газеті» --  16 сәуірде Алашанькоу трансшекаралық электронды коммерция индустриялық паркін салу жобасы аясында №5 және №6 қоймалардың шатырлары жабылып, жобаның негізгі құрылымы аяқталды және ресми түрде әрлеу жұмыстарының кезеңіне өтті.

Жоба 2022 жылғы 18 наурызда басталған болатын. 30 маусымда барлық құрылыс жұмысы аяқталады деп күтіліп отыр.

Алашанькоу трансшекаралық электронды коммерция индустриялық паркін салу жобасы интеграцияланған сервистік орталық, халықаралық пошта алмасу мекемесі, заттарды жинау және сұрыптау қоймасы, қор сақтау қоймасы, автотұрақ сияқты қосалқы объектілерді қамтиды.

Жоба аяқталғаннан кейін ол шекара порты түріндегі ұлттық логистикалық хабқа және жан-жақты қорғау аймағының сауда саясатына сүйене отырып, «Бір белдеу, бір жол» трансшекаралық сауда логистикасы үшін стратегиялық тарату орталығына, Алашанькоудағы трансшекаралық электронды коммерцияның кешенді пилоттық аймағының озық платформасына және кешенді қорғау аймағындағы отандық және шетелдік тауарларға арналған O2O көрме орталығына айналады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото