- Барлық ақпарат
[Төраға Си Цзиньпиннің ұлттық сый-кәделері] Гүл бедерлі мыс құмыра (Cloisonne)
26 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 2014 жылғы 11 қарашада Бейжіңдегі Янци көлінде Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭС) елдері көшбасшыларының 22-нші бейресми кездесуі өтті.
2014 жылдың 11 қарашасында Бейжіңнің Хуайроу аумағындағы Янци көлі халықаралық конференц-орталығында АТЭС басшыларының 22-нші бейресми кездесуі өтті. Кездесуге ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин төрағалық етті. (Фотоны түсірген Лань Хунгуан)
Кездесуге қатысқан экономика саласы көшбасшыларына деген ықылас пен құрмет ретінде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин ұлттық сый-кәдеге -Гүл бедерлі мыс құмыраны (Cloisonne) арнайы таңдады. Марапат құмырасының өрнек-бедерлері өзіндік мәнімен ерекшеленеді. Тяньтань мұнарасының 38 метр биіктігінің кішірейтілген нұсқасы ретінде құмыраның биіктігі де 38 см. Максималды диаметрі 21 см, бұл АТЭС-тің 21 экономикасына сәйкес келеді.
Гүл бедерлі мыс құмыра (Cloisonne) (Фотоны түсірген Ху Ян)
«Гүл бедерлі мыс құмыра (Cloisonne) сыйлығының пішіні шағын болғанымен, оны жасау аса шеберлікті қажет етеді», - дей келіп, Си Цзиньпин марапат құмырасын былай таныстырды: «Бұл Қытай ұлтының ұзақ тарихы мен қазіргі өркениетін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар әртүрлі өркениеттер мен мәдени алмасулардың өзара тоғысуын, үйлесімділігін және жалпы ілгерілеуін көрсетеді».
people.cn © People's Daily Online