- Барлық ақпарат
Қытай Сыртқы істер министрі Цинь Ган «Қытай— Орталық Азияның бес елі» Сыртқы істер министрлерінің төртінші кездесуіне төрағалық етеді
26 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мао Нин 25 сәуірде Мемлекеттік Кеңестің мүшесі және Сыртқы істер министрі Цинь Ган 27 сәуірде Сианьда (Шэньси өлкесі) өтетін «Қытай - Орталық Азияның бес елі» Сыртқы істер министрлерінің төртінші кездесуіне төрағалық ететінін мәлімдеді. Қытайдағы кездесуге Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев, Тәжікстан Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин, Түрікменстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Вепа Гаджиев және Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов қатысады.
25 сәуір күні өткен Сыртқы істер министрлігінің кезекті баспасөз маслихатында Мао Нин тиісті сұрақтарға жауап ретінде 2022 жылдың маусымындағы «Қытай-Орталық Азияның бес елі» Сыртқы істер министрлерінің үшінші кездесуі барысында, барлық тараптар Қытай мен Орталық Азия мемлекет басшыларының кездесу тетігін құруға келісті деп мәлімдеді. Тараптардың консенсусына сәйкес, бірінші саммитті Қытай өткізеді. Сыртқы істер министрлерінің бұл кездесуінің басты міндеті – саммитті сәтті өткізу үшін жан-жақты саяси дайындық жасау. Алты тарап саммитті ұйымдастыру, Қытай мен Орталық Азияның түрлі салаларындағы ынтымақтастық және ортақ мүдделерге сай келетін халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасады.
people.cn © People's Daily Online