- Барлық ақпарат
Сианьда Қытай мен Орталық Азия Сыртқы істер министрлерінің төртінші кездесуі өтті
(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 27 сәуір
![]() |
27 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай мен Орталық Азия Сыртқы істер министрлерінің төртінші кездесуі бүгін (27 сәуір күні) таңертең Шэньси өлкесінің Сиань қаласында өтті. 2022 жылдың маусымында Қытай мен Орталық Азия Сыртқы істер министрлерінің үшінші кездесуі барысында барлық тарап Қытай және Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесу тетігін құруға келіскен болатын. Қатысушы елдер алдағы Қытайда өтетін саммитті ұйымдастыру, Қытай мен Орталық Азияның түрлі салаларындағы ынтымақтастық, сондай-ақ ортақ назар аударатын халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты. Кездесуден кейін Қытайдың Сыртқы істер министрі Цинь Ган тараптар келесі айда Сиань қаласында Қытай-Орталық Азия саммитін өткізуге келісті деп мәлімдеді.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online