Цинь Ган Қытай мен Орталық Азия Сыртқы істер министрлерінің төртінші кездесуінің консенсусын таныстырды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 28 сәуір
Цинь Ган Қытай мен Орталық Азия Сыртқы істер министрлерінің төртінші кездесуінің консенсусын таныстырды

28 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 2023 жылдың 27 сәуірінде Қытай Мемлекеттік Кеңестің мүшесі және Сыртқы істер министрі Цинь Ган Қытай мен Орталық Азия Сыртқы істер министрлерінің Сианьдағы төртінші кездесуіне төрағалық еткеннен кейін, журналистерге тиісті жағдайдан мәлімет берді.

Цинь Ган Қытай мен Орталық Азия Сыртқы істер министрлерінің төртінші кездесуінде алдағы Қытай-Орталық Азия саммитіне жан-жақты саяси дайындық жүргізілгенін, Қытайдың Орталық Азия елдерімен ынтымақтастығы және ортақ көңіл бөлетін мәселелер туралы терең пікір алмасып, жан-жақты консенсусқа қол жеткізілгенін айтты.

Біріншіден, тараптар келесі айда Сианьда Қытай-Орталық Азия саммитін өткізуге келісті.

Екіншіден, барлық тараптар өздерінің ұлттық жағдайларына сәйкес таңдалған бір-бірінің даму жолдарын құрметтеп, бір-бірінің негізгі мүдделеріне қатысты мәселелер бойынша өзара берік қолдау көрсетіп, сыртқы күштердің ішкі істеріне араласуға үзілді-кесілді қарсы тұрады. Әрі ешқашан ешкімге немесе кез келген күшке Орталық Азияда дүрбелең мен тәртіпсіздік тудыруға жол бермейді. Қытай үкіметі Орталық Азия елдерінің егемендігін, тәуелсіздігін, қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын берік қолдайды.

Үшіншіден, өзара пайда мен тең ұтысқа жету принципін ұстанып, «Бір белдеу, бір жолды» жоғары сапамен құруда табандылық көрсетеді.

Төртіншіден, қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты кеңейту. Алты ел «Үш күшке», есірткінің заңсыз айналымына, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа және интернеттік қылмысқа қарсы күресті күшейтуге, Ауғанстан мәселелері бойынша байланыс пен ынтымақтастықты нығайтуға және аймақтағы бейбітшілік пен тыныштықты бірлесіп қолдауға жұмылады.

Бесіншіден, адалдық пен әділеттілік қағидаттарын ұстанып, халықаралық тәртіпті берік қорғайды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото