Ли Шанфу Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер Қорғаныс министрлерінің кездесуіне қатысты

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 4 мамыр

4 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 28 сәуірде Үндістанның Нью-Дели қаласында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер Қорғаныс министрлерінің кездесуі өтті. Мемлекеттік кеңестің мүшесі және Қорғаныс министрі Ли Шанфу іс-шараға қатысатын делегацияны бастап барды және сөз сөйледі.

Кездесуде әр тарап елдерінің Қорғаныс министрлері стратегиялық коммуникацияларды нығайтуды жалғастыру, ынтымақтастық бойынша консенсусқа қол жеткізу, ШЫҰ ынтымақтастығының мәнмәтінін кеңейту және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты бірлесіп қолдау қажеттігі туралы пікір алмасты. Кездесу қорытындысы бойынша «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кездесуінің бірлескен коммюникесі» жарияланды.

Үндістанда болған кезінде Ли Шанфу Беларусь, Қырғызстан, Үндістан, Қазақстан, Тәжікстан, Ресей, Өзбекстан, Иран және басқа елдердің Қорғаныс министрлерімен халықаралық және аймақтық жағдай жөнінде, екі ел арасындағы әскери қатынастар және ортақ мүдде мәселелері туралы дәйекті пікір алмасты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото