Шахматтан әлем чемпионатында Дин Лижэнь жеңіске жетті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 4 мамыр
Шахматтан әлем чемпионатында Дин Лижэнь жеңіске жетті

4 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 30 сәуірде Қазақстан астанасында аяқталған 2023 жылғы Халықаралық Шахмат федерациясының шахматтан әлем чемпионатының жылдам шахмат бойынша овертаймында қытайлық шахматшы Дин Лижэнь ресейлік шахматшы Ян Непомнящийді 2,5:1,5 есебімен жеңіп, шахматтан жеке әлем чемпионатын жеңіп алған алғашқы ер Қытай шахматшысы атанды.

Дин Лижэнь сонымен қатар бұл жолы шахматтан жеке әлем чемпионатына қатысқан алғашқы қытайлық ер шахматшы. Екеуі баяу шахматтың 14 раундында 7-7 есебімен тең түскен болатын.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото