Сәуірде логистика саласындағы күту индексі 53,8%-ды құрады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 8 мамыр

8 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Қытайдың логистика және сатып алу федерациясы сәуір айында Қытайдың логистикалық индустриясындағы экономикалық беталысы 53,8%-ды құрағанын жариялады. Субиндекс бойынша, бизнес көлемінің индексі және жаңа тапсырыс индексі қарқынды өсуден кейін төмендей бастады, сонымен қатар кәсіпорын қорларының айналымына, капиталды, жабдықты пайдалануға, негізгі инвестициялар және болашақ үміттерге байланысты көрсеткіштер әлі де кеңейту ауқымында болды.

Сәуір айында көптеген саланың іскерлік белсенділігінің жалпы индексі 50%-дан астам кеңейту ауқымында қалды. Олардың ішінде теміржол көлігі, автомобиль көлігі, авиатасымалдау, қоймалау және почта экспресс-тасымалы салалары 53%-дан асты, ал почта экспресс - тасымалы саласы 60%-дан астам жоғары деңгейде қалып отырды. Өңірлер бойынша бөлуде орталық және батыс өңірлердегі бизнес көлемінің жалпы индексі бүкілқытайлық деңгейден жоғары, тиісінше 54,5% және 57,8%-ға жетті. Олардың ішінде батыс аймақ өткен айдағы сәйкесті кезеңмен салыстырғанда 0,4 пайыздық тармаққа қалпына келді, ал шығыс аймақтың бизнес көлемінің индексі 52,5%-ды құрады, бұл бизнес көлемінің өсу үрдісін жалғастырды.

Сәуірде логистикалық нарыққа деген сенім де өсе берді және іскерлік белсенділікті күту индексі 55%-дан жоғары болды. Олардың ішінде теміржол көлігі, әуе көлігі және пошта экспресс-тасымалдау индустриясы салаларының күту индексі әлі де 60%-дан аса жоғары диапазонда, ал автомобиль көлігі, су көлігі және мультимодальды тасымалдау саласы жақсы беталыста дамиды деп күтіліп отыр.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото