Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: Қытай-Орталық Азия саммиті маңызды кезеңдік мәнге ие

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 9 мамыр

9 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ван Вэньбин 8 мамыр күні алдағы Қытай-Орталық Азия саммиті Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатынастардың даму тарихындағы маңызды кезең екенін айтты. Барлық тараптардың бірлескен күш-жігерімен бұл саммит Қытай мен Орталық Азия арасындағы қарым-қатынастың жаңа жоспарын белгілеп, екі тарап арасындағы ынтымақтастықтың жаңа дәуірін ашатынына сенетінін білдірді.

Қытай-Орталық Азия саммиті 18-19 мамыр аралығында Қытайдың Шэньси өлкесінің Сиань қаласында өтеді. Саммитке ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин төрағалық етеді. Кездесуге Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев, Қырғызстан Президенті С.Жапаров, Тәжікстан Президенті Э.Рахмон, Түрікменстан Президенті С.Бердімұхамедов және Өзбекстан президенті Ш.Мирзиеев шақырылады.

«Бұл Қытайдың биылғы алғашқы өзі төрағалық еткен маңызды дипломатиялық іс-шарасы. Сондай-ақ дипломатиялық қатынастар орнағаннан бергі 31 жыл ішінде алғаш рет нақты формада өткен алты елдің мемлекет басшылары саммитті. Бұл Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы қатынастардың даму тарихындағы маңызды кезең», - деді Ван Вэньбин кезекті баспасөз мәслихатында.

Ван Вэньбин саммит кезінде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің маңызды сөз сөйлейтінін айтты. Әр елдің мемлекет басшылары Қытай-Орталық Азия қатынастарының даму тарихына тоқталып, Қытай-Орталық Азия тетігін құру, түрлі салалардағы ынтымақтастық және назар аударылып отырған ортақ негізгі халықаралық және өңірлік мәселелер туралы пікір алмасады. Мемлекет басшылары маңызды саяси құжаттарға бірлесіп қол қояды.

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев, Қырғызстан Президенті С.Жапаров, Тәжікстан Президенті Э.Рахмон және Өзбекстан Президенті Ш.Мирзиеев Қытайға 16-20 мамыр аралығында мемлекеттік сапармен келеді.

Ван Вэньбин ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин төрт елдің президенттерімен жеке-жеке келіссөздер жүргізетінін айтты. Қытай мемлекеті ресми шараның толық сәтті өтуін қамтамасыз ету үшін барлық тараптармен мұқият дайындық жүргізуде.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото