ГУ Айлин жылдың экстремалды спортшысы ретінде Лоуренс сыйлығын алды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 9 мамыр

9 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 8 мамырда ГУ Айлин «жылдың экстремалды спортшысы» бойынша Лоуренс сыйлығының иегері атанды. Осылайша ол Лоуренс сыйлығын алған бесінші қытайлық спортшы және осы сыйлықты жеңіп алған алғашқы қытайлық қысқы ойындар спортшысы болды.

Лоуренстің ресми сыйлығында: «ГУ Айлин ⸺ қысқы спорт жұлдызы және бүкіл әлемдегі бойжеткендерді шабыттандыратын спортшы. Былтыр ол Бейжіңде тарихқа еніп, шаңғымен сырғанаудан ең жас Олимпиада чемпионы болды».

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото