Сапалы дамудың ынтымақтастық белдеуін құру: ауыл шаруашылығы саласындағы жемісті ынтымақтастық

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 10 мамыр

10 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай мен Тажікстан бірлесіп салған Тәжікстанның ауыл шаруашылығы және тоқыма өнеркәсіп паркі озық деңгейдегі цифрлық ауыл шаруашылығы техникасы мен тоқыма жабдықтарын пайдаланып өндірген тоқыма бұйымдары әлемдік жоғары нарықтардан орын алады; Қытай мен Қазақстанның өндірістік қуаттылық саласындағы ынтымақтастығының негізгі жобасы саналатын «Түркістандағы Golden Camel Group құрғақ сүт зауыты» аяқталды және пайдалануға берілді. Өндірілген құрғақ сүт қытай нарығында жақсы сатылады; Өзбекстанның Сырдария облысындағы Қытай-ШЫҰ ауылшаруашылық базасында Қытай-Өзбекстан заманауи ауылшаруашылық ғылымдары мен техникасының демонстрациялық паркі пайдалануға берілді. Қазір ол жерден олеин жержаңғақ, майлы күнбағыс, соя, жүгері сияқты жаңа сорттар енгізілді.

Өндірістік қуат саласындағы ынтымақтастықтан бастап ғылыми-техникалық алмасу мен кадрлар даярлауға дейін, Қытай мен Орталық Азияның бес елі ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты үнемі тереңдетіп, ауыл шаруашылығы саласында бай және серпінді әріптестік құра білді.

Деректер Қытай мен Орталық Азияның бес елі арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасының ауқымы кеңейіп келе жатқанын және Орталық Азияның бес елінде көптеген Қытай компаниясы инвестиция салып, дамып келе жатқанын көрсетеді. Ынтымақтастық жобалары бидай ұны мен өсімдік майын өңдеу, мақта өсіру мен тоқыма сияқты көптеген саланы қамтиды, олар жергілікті ауылшаруашылық индустриясының дамуына үлес қосты.

Қытайдың ауылшаруашылық ғылымдары академиясы сияқты Қытай ғылыми-зерттеу институттары Орталық Азия елдеріндегі ауылшаруашылық ғылыми-зерттеу институттарымен ұзақ мерзімді және тұрақты ынтымақтастық қарым-қатынас орнатты. Олардың мал шаруашылығы мен ветеринария, мақта өсіру және сортты тексеру, сусыз жердегі егіншілік саласындағы ынтымақтастығы нәтиже берді.

Қытай-Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылымдарының бірлескен биологиялық зертханасы, Қытай-Қазақстан ауыл шаруашылығындағы үлкен деректерді талдау орталығы, Қытай-Қазақстан ауыл шаруашылығын механикаландыру орталығы сияқтылар табысты құрылды, сондай-ақ картоп өнеркәсібінің демонстрациялық базасының жобасы белсенді іске асырылып келеді. Қытай мен Түркіменстан арасында суды үнемдейтін суару, мақта өңдеу, ауылшаруашылық техникасы және агротехниктерді дайындау саласындағы ынтымақтастық кеңейеді.

Осы жылдың сәуір айында Орталық Азияның бес елінен 80-нен астам студент Қытай ұйымдастырған Орталық Азия елдеріндегі озық және қолданылмалы ауыл шаруашылығы технологиялары бойынша кешенді оқу курсына қатысып, Қытайдың су үнемдейтін ауыл шаруашылығы технологияларымен, өндірістік агротехнологияларымен, ауыл шаруашылығы өндірісін және қоршаған ортаны қорғау туралы зерттеуімен және оларды жүзеге асыруымен танысты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото