Қытай мен Орталық Азияның бес елі арасындағы тауар айналымы 22%-ға ұлғайды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 12 мамыр

12 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 11 мамырда тілші Сауда министрлігінен 2022 жылы Қытай мен Орталық Азияның бес елі арасындағы 70 миллиард АҚШ долларын құрайтын сауда жоспарына мерзімінен бұрын жететінін білді. Осы жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында сауда көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22%-ға ұлғайды және даму серпіні жоғары.

Деректер көрсеткендей, 2022 жылы Қытайдың Орталық Азия елдерінен ауыл шаруашылығы өнімдерін, энергия мен минералды өнімдерді импорттауы жылдық сәйкес мезгілмен салыстырғанда 50%-дан астамға, ал механикалық және электротехникалық өнімдердің Орталық Азия елдеріне экспорты сәйкес кезеңмен салыстырғанда 42%-ға ұлғайды. Қытай мен Орталық Азия арасындағы трансшекаралық электронды коммерция транзакциялары сәйкес мезгілмен салыстырғанда 95%-ға өсті. 300-ге жуық Орта Азиялық компания қытайлық электронды коммерция платформаларына кірді және Орталық Азиядан келетін жоғары сапалы тауарлар Қытай нарығына көбірек еніп жатыр. Бұл ғана емес, Қытай мен Орталық Азияның бес елі инфрақұрылым, мұнай және газ өндіру, өңдеу және өндіру, медицина, білім беру, технология және цифрлық экономика саласындағы ынтымақтастықты дамытуды жалғастырып жатыр. Орталық Азия елдеріне өнеркәсіп салаларын жаңғыртуға, өзара байланыс орнатуға және адамдардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға көмектесуге арналған бірқатар ауқымды жоба табысты іске асырылды.

Қытай Сауда министрлігінің баспасөз хатшысы Шу Цзютин Сауда министрлігі Орталық Азия елдерінің экономикалық және сауда ведомстволарымен ынтымақтаса отырып, Қытай-Орталық Азия саммитін сауданың қарқынын дамыту және нығайту мүмкіндігі ретінде пайдаланып, Қытай мен Орталық Азияның экономикалық және сауда ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеруге дайын екенін жеткізді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото