Қытай тілінде сөйлей білетін, Қытай тағамдарын ұнататын, Лу Синьді оқыған Қазақстан Президенті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 17 мамыр

17 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Президент Қ.К.Тоқаев Қытайға сапары қарсаңында Қытайдың Орталық радио және теледидар басқармасының бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында Қазақстан мен Қытай 1700 шақырымнан астам ортақ шекара желісі бар тату көрші ел екенін айтты. «Осы жылдар ішінде екі ел ынтымағы жарасқан көршілер ғана емес, бір-бірінің дамуын қолдайтын сенімді дос серіктестерге айналды. Біз болашақта екі ел арасындағы ынтымақтастықтың дамуы мен нығаюын асыға күтеміз» ,-деді ҚР Президенті.

«Мен Қытайда сегіз жылға жуық тұрдым, сондықтан мен көп нәрсені сағынамын, мысалы: қытай тағамдары, Қытай мәдениеті және қытай халқы».

Қ.К.Тоқаев Қытайдың ашшы ет қуырмашын, пекин үйрегін және «Дан-Дан» кеспесін жақсы көретінін айтты. Ол ащы қытай тағамдарын жақсы көреді. Қытайда оқып жүргенде Лу Синьнің шығармаларын оқығанын есіне алды. «Лу Синьнің шығармалары менің ойымша, бүкіл әлемдегі оқырмандардың қызығушылығына сәйкес келеді»,-дейді ҚР Президенті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото