Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы бірлескен мәлімдеме жасады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 18 мамыр

18 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы бірлескен мәлімдеме жасады. Екі тарап Қытай-Қазақстан шикі мұнай құбырын тұрақты қамтамасыз ету шараларын қабылдауға, Қытай-Орталық Азия табиғи газ құбырының Қазақстандағы бөлігін ұзақ мерзімді қауіпсіз әрі тұрақты пайдалануға және жоспарлы тұрақты жеткізуге, сонымен қатар мұнай, табиғи газ, табиғи уран және т.б. салалардағы ынтымақтастықты тереңдетуге, жел энергетикасы, фотоэлектрлік, күн-жылу және атом энергетикасы сияқты таза энергетика салаларындағы ынтымақтастықты белсенді кеңейтуге уағдаласты. Екі тарап өндіріс және жеткізу тізбегін тұрақтандыру үшін көліктік ынтымақтастықты дамытуға, үшінші трансшекаралық теміржол салу және теміржол порттарын қосу мүмкіндігін белсенді зерттеуге, Транскаспий халықаралық көлік дәлізін бірлесіп дамытуға және Қытай мен Еуразия арасындағы теміржол ынтымақтастығын нығайтуға келісті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото