Си Цзиньпин Орталық Азияны құру туралы «төрт ұсынысты» алға тартты

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 19 мамыр

19 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 19 мамыр күні таңертең ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Шэньси өлкесі Сиань Халықаралық конгресс орталығында Қытай—Орталық Азия саммитіне төрағалық етті. Маңызды баяндамасында Төраға Орталық Азияны қалай құру керектігі туралы «төрт ұсынысты» алға тартты.

Си Цзиньпин атап өткендей, ғасырлық өзгерістер қазіргі уақытта шиеленісті жағдайда болса, тұтас әлем мен тарихтың бетбұрысы бұрын-соңды болмаған түрде өрбуде. Орталық Азия - Азия мен Еуропаның орталығы, Шығыс пен Батысты байланыстыратын және Солтүстік пен Оңтүстікті қамтитын қиылыста орналасқан.

Әлемге тұрақты Орталық Азия қажет. Орталық Азия елдерінің егемендігі, қауіпсіздігі, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығы сөзсіз қорғалуы керек. Орталық Азия халқының таңдаған даму жолы құрметтелуі тиіс. Орталық Азия өңірінің бейбітшілікті, үйлесімділік пен тыныштықты орнату жолындағы күш-жігері қолдауға ие болуы қажет.

Әлемге гүлденген Орталық Азия қажет. Өміршеңдігі тасқындаған, қуатты Орталық Азия өңірдегі әр ел халқының тамаша өмірге деген ұмтылысын іске асырады. Сондай-ақ әлемдік экономиканы қалпына келтіруге және дамытуға қуатты серпін береді.

Әлемге жарасымды Орталық Азия қажет. «Бауырластық алтыннан қымбат». Этникалық қақтығыстар, діни даулар мен мәдени кедергілер Орталық Азияның басты тақырыптары емес. Бірлік, бауырмалдық пен үйлесімділік - бұл Орталық Азия халықтарының ойлағаны. Ешкімнің Орталық Азияда дау-дамай немесе қарама-қайшылық тудыруға құқығы жоқ әрі одан саяси пайда табу туралы үміттенбеуі керек.

Әлемге жан-жағымен сабақтасқан Орталық Азия қажет. Орталық Азия бірегей географиялық артықшылықтарға ие. Орталық Азия өңірі Азия мен Еуропа арасындағы қарым-қатынастың маңызды түйініне айналуға мығым негізі, басты шарттары мен қабілеттеры бар. Сонымен бірге, әлемдік тауар алмасуына, өркениеттердің тоғысуына және ғылым мен техниканың дамуына маңызды үлес қосып келеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото