Қазақстанда Лубань шеберханасын салу туралы ынтымақтастық келісіміне қол қойылды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 19 мамыр
Қазақстанда Лубань шеберханасын салу туралы ынтымақтастық келісіміне қол қойылды

19 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 18 мамырда Тяньцзинь кәсіби университетінде Қазақстанда Лубань шеберханасын салу туралы ынтымақтастық келісіміне қол қою рәсімі өтті.

Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Басқарма төрағасы-ректор Сәуле Рахметуллина «Қазақстанда Лубань шеберханаларының құрылысын жеделдету» Қытай мен Қазақстан көшбасшыларының ортақ мүддесі екенін айтты.

Тяньцзинь кәсіби университетінің президенті Чжэн Цинчунь Тяньцзинь кәсіби университеті алаңның құрылысына, оқу жабдықтарына, педагог кадрларды даярлауға, кәсіптік стандартқа, оқу ресурстарына қойылатын «бес» шарт негізінде Қазақстанда Лубань шеберханасының құрылысын жоғары стандарт пен жоғары сапа талаптарын сақтай отырып ілгерілететінін жеткізді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото