Қытайдың Солтүстік-батыс политехникалық университетінің Қазақстандық филиалы құрылады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 19 мамыр
Қытайдың Солтүстік-батыс политехникалық университетінің Қазақстандық филиалы құрылады

19 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 18 мамырда Қытайдың Солтүстік-батыс политехникалық университеті мен Қазақстандағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Сианьда «Солтүстік-батыс политехникалық университетінің қазақстандық филиалын» бірлесіп құру жөніндегі ынтымақтастық келісіміне қол қойды. Алдымыздағы оқу жылында 60 магистранттан тұратын бірінші топ қабылданады деп болжануда.

Алматы қаласында орналасқан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 1934 жылы құрылған Қазақстандағы алғашқы жоғары оқу орындарының бірі. Университет еліміздің оқу орындарымен белсенді жұмыс жасайды. Атап айтқанда, Бейжің университеті, Шанхай шет тілдер университеті, Ухань университеті, Шыңжаң университеті және Сянган политехникалық университеті сияқты 43 Қытай университеттерімен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатқан.

Солтүстік-батыс политехникалық университетінің қазақстандық филиалын ашу Қытай мен Қазақстан арасындағы білім беру ынтымақтастығы мен алмасуды одан әрі нығайта түспек.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото