Цзиндунда Қазақстанның ұлттық павильоны ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 21 мамыр
Цзиндунда Қазақстанның ұлттық павильоны ашылды

21 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 18 мамыр күні Цзиндунда Қазақстанның Ұлттық павильоны ресми түрде ашылды. Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев павильонның ашылу салтанатына қатысты.

Болашақта қытайлық тұтынушылар Қазақстан үкіметі ұсынған бірегей тауарлардың барлық түрін, оның ішінде ең өтімді « Баян сұлу» кәмпиттерін, шоколадты, түйе сүтінің ұнтағын, «Пиала» қара шайын, макарон өнімдерін, мақсары майын және т. б. сатып ала алады.

Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев екі ел арасындағы сауда, инвестиция, ғылым мен техника, сондай-ақ мәдениет саласындағы тереңдетілген алмасулар мен ынтымақтастыққа екі тараптың электрондық коммерция саласындағы байланыстың одан әрі ықпал ететініне үмітін білдірді.

Еске сала кетсек, JD.сom (Jingdong Mall) - Қытайдағы тауарлар мен қызметтер сатуға арналған ең ірі онлайн платформа.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото