Си Цзиньпин қабылдаған марапаттар

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 22 мамыр

Фото 1: 2022 жылғы 14 қыркүйекте ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин  Президент сарайында Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтан «Алтын Қыран» орденін қабылдады. Фотоны Рао Айминь түсірген

 2022 жылғы 14 қыркүйекте ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Президент сарайында Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтан «Алтын Қыран» орденін қабылдады. Фотоны Рао Айминь түсірген

22 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 2022 жылдың 14-16 қыркүйегі аралығында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин COVID-19 басталғаннан кейінгі алғашқы сапарына Орталық Азияны таңдады. Сапар барысында Си Цзиньпин екі марапатқа ие болды. Солардың бірі - Қазақстанның ең жоғары наградасы «Алтын Қыран» ордені; екіншісі - Өзбекстанның шетел өкілдерін марапаттайтын ең жоғары мемлекеттік наградасы «Ең Жоғары Достық» ордені.

Осыдан он жыл бұрын Си Цзиньпин Орталық Азияда болып, алғаш рет Қазақстанда «Жібек жолының экономикалық белдеуін» бірлесіп салу туралы бастама көтерді. Соңғы 10 жылда Қазақстан мен Өзбекстанның дамуы «Бір белдеу, бір жолдың» игілігіне байланысты болды. Ляньюньганда Қытай-Қазақстан логистикалық ынтымақтастық базасы аяқталып, Орталық Азиядағы ең ұзын туннель «Англиан—Папу» теміржол туннелі салынды. Қытай—Орталық Азия газ құбырының барлық төрт құбыры да Өзбекстан арқылы өтетін болды.

2022 жылғы 15 қыркүйекте ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Самарқанд халықаралық конгресс орталығында Өзбекстан Президенті Ш.Мирзиеевтан «Ең Жоғары Достық» орденін қабылдады. Фотоны Дин Хайтао түсірген

2022 жылғы 15 қыркүйекте ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Самарқанд халықаралық конгресс орталығында Өзбекстан Президенті Ш.Мирзиеевтан «Ең Жоғары Достық» орденін қабылдады. Фотоны Дин Хайтао түсірген

Марапаттау рәсімінде Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев Си Цзиньпинге: «Сізден елді басқарудағы мол тәжірибе мен дара тұлғалық ерекшелікті байқаймын»,- деп жоғары бағалады. Өзбекстан Президенті Ш.Мирзиёев Си Цзиньпинге: «Сізді бүгінгі әлемдегі ең ұлы саясаткер және көрнекті көшбасшы деп санаймыз», - деді.

Соңғы 10 жылда Си Цзиньпин 42 рет шетелге сапарға шықты. Бес құрлықтағы 69 елге сапарлап, бірнеше рет жоғары марапаттарға ие болды. Әрбір марапат Қытай халқы мен әлемнің барлық елдері халықтары арасындағы терең достықты көрсетеді. Әрі Қытайдың өркендеп жатқан «достық шеңберін» және барған сайын тереңдеген «серіктестер ынтымақтастығын» дәлелдейді. Сонымен бірге мемлекет басшысы дипломатиясының басшылығымен жаңа дәуірде Қытай үлгісіндегі үлкен елдің дипломатиясының үздіксіз жаңа жағдай туғызуды жалғастыруда екенін айғақтайды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото