Си Цзиньпиннің спорттық дипломатиясы

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 23 мамыр

23 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 2014 жылдың 20 қарашасында Жаңа Зеландияның астанасы Веллингтонда Президент Си Цзиньпин және сол кездегі Жаңа Зеландия премьер-министрі Джон Ки журналистермен кездесті. Баспасөз мәслихатының соңында регби жұлдызы және «Олл Блэк» ойыншысы Ma'a Allan Nonu сахнаға шығып, Си Цзиньпинге «8» нөмірі бар команданың әйгілі қара жейдесін берді.

«Қытайға келсеңіздер қарсы аламыз»,- деді Төраға. «XI JINPING» деген жазу басылған футболканы алған Си Цзиньпин бұл сыйлықты ерекше сақтайтынын айтты және Ma'a Allan Nonu-ды Қытайдағы регбидің дамуына ықпал ету үшін ыстық ықыласпен елге шақырды. Бірнеше күннен соң «Олл Блэк» ойыншылары Қытайға келіп, Бейжіңде оқу-жаттығу сапарын бастады. «Олл Блэкс» ойыншысы: «Болашақта Қытайға одан да көп топ-ойыншылар келеді деп үміттенемін. Біз сондай-ақ қытайлық ойыншылардың Жаңа Зеландияға келуін күтеміз»,- деді.

2014 жылғы Қытай жылының басында Си Цзиньпин Ресейге Сочидегі Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысуға шақырылып, Төраға Қытай мемлекет басшыларының шетелдегі ауқымды халықаралық спорттық іс-шараларға қатысуына жол салды. Ресей Президенті Владимир Путин Си Цзиньпинге Сочидегі Қысқы Олимпиада медалінің макетін дайындады. Медальда бедерленген Сочи пейзажы спорттық дипломатияның мәнін ашып, бір ниеттегі жандарға тау мен теңіздің бөгет бола алмайтындығын айтты.

Си Цзиньпиннің регбиден қысқы Олимпиада медаліне дейінгі жаймашуақ және жанға жайлы спорттық дипломатиясы Қытайдың «достар шеңберін» кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар әлемге дамушы ірі елдің ашық, сенімді және жігерлі рухын дәлелдеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото