Трансшекаралық сауда Қытай-Қазақстан шекаралас кәсіпорындары мен тұрғындарына тиімді

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 24 мамыр

24 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Чжан Сяопин Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық регионының Тарбағатайдағы Бақты бақылау-өткізу пунктінде тұрады. Ол үйінде отырып-ақ бірнеше минут ішінде мобильді қосымша арқылы 7000 юаньнан (шамамен 998 АҚШ доллары) асатын импорттық зығыр декларациясы нысанын толтырды.

200 жылдан астам сауда тарихы бар Бақты өткелі Қытай мен Қазақстанның түйіскен жерінде орналасқан. Бұл еліміздің Қазақстан үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін жылдам кедендік ресімдеуге арналған алғашқы «жасыл арна» және туристік порт.

2018 жылы Шыңжаң Бақты портын шекаралас халықтар арасындағы өзара сауданы дамыту үшін алғашқы пилоттық порт ретінде пайдаланды. 2019 жылдан кейін бұл заманауи шекаралық сауда порты ресми түрде ашылды.

Шекара маңындағы елді мекен арасында қалааралық сауданы дамыту ― шекара аумағын өркендету жоспарын іске асыру және жергілікті халықтың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі маңызды шара болып табылады. Соңғы жылдары шекаралас аумақтарда тұрғындар кооперативтерінің құрылуына және орталықтандырылған онлайн декларацияның енгізілуіне байланысты, Бақты портының шекара саудасы айтарлықтай өзгерістерге қол жеткізді.

Чжан Сяопин жұмыс істейтін кооперативте 224 қызметкер бар. Олардың көпшілігі қарт адамдар, мүгедектер және табысы төмен жандар. Бұл әлеуметтік топ ауылшаруашылық және мал шаруашылығы өңірлерінде тұрады. Шекара маңындағы тұрғындарға арналған ұялы телефон қосымшалары арқылы олар көптеген мәселелерді шешіп қана қоймай, Бақты бақылау-өткізу пункті арқылы тауарларды шетелден тезірек жеткізе алатын болды.

Шекара маңындағы тұрғындар арасындағы сауданы дамыту жергілікті қайта өңдеу кәсіпорындарына да оң ықпал етті. «Трансшекаралық сауда арқылы кіретін күнбағыс тұқымдарының бағасы әдеттегіден әлдеқайда төмен», - деді жергілікті инвестициялық компанияның бас менеджері Хэ Хэнфэй.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото