Тайваньдық таэквондист бес жұлдызды қызыл жалаумен марапат тұғырына көтерілді

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 25 мамыр

25 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Оңтүстік Кореяда 2023 жылғы Азия-Тынық мұхиты шеберлік ойындары өтті. Тайваньдық таэквондист Ли Дунсиань жарыста қола медальды жеңіп алды. Марапатту кезінде ол ұқыпты бүктелген бес жұлдызды қызыл жалауды ашып, құрмет тұғырына көтерілді. Спортшының бұл әрекетін желі қолданушылары жоғары бағалады.

Бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында Ли Дунсянь: «Бұғаздың екі жағалауының мәдениеті ортақ, тамыры бір. Мен бес жұлдызды қызыл туды көтеруді әдетке айналдырғам. Осы арқылы екі жағалауының бір отбасы екенін білдіргім келеді»,-деді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото