Қытай нарығы Орталық Азия елдерінің тауарларын қарсы алады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 26 мамыр

26 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай экономикалық және сауда ынтымақтастығын дамытуға бар күшін салады әрі ел нарығында Орталық Азия тауарларының басым орын алуына мүдделі. Қытайдың Сауда министрлігі бұл жаңалықты бейсенбіде жариялады.

Сауда министрлігінің өкілі Шу Цзуэтин баспасөз мәслихатында Қытай компанияларды Орталық Азияда шетелдік қоймалар салуға ынталандыратынын және қытайлық электрондық коммерция платформаларын игеруде Орталық Азия елдерінің компанияларын қолдайтынын айтты.

Шу Цзуэтин Қытай Орталық Азиямен цифрлық сауданы кеңейтетінін, жасанды интеллект, үлкен деректер және 5G сияқты озық цифрлық технологияларды дамытудағы тәжірибесімен бөлісетінін жеткізді.

Шу Цзуэтин бұл қадам трансшекаралық инфрақұрылымның құрылысына, мұнай, газ және басқа да салалардағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ трансшекаралық құбырлар құрылысын ілгерілетуге; ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге бастайтынын айтты. Сол сияқты Орталық Азиядан жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерінің импортын кеңейтуге ықпал ететінін атап өтті.

Шу Цзуэтин Қытай ДСҰ шеңберінде Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанмен ынтымақтастықты нығайтуға және Түрікменстан мен Өзбекстанның ДСҰ-ға тезірек кіруін қолдауға дайын екенін мәлімдеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото