Алғашқы төрт айда автомобиль экспорты 76,5%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 26 мамыр

26 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Осы жылдан бастап Қытайдан автомобиль экспорты қарқынды дамып келеді. Сауда министірінің өкілі Шу Цзютин 25 маусым күні Қытайдың 2021 және 2022 жылдардағы автомобиль экспортының өсуі екі жыл қатарынан 1 миллионнан астам автокөлікті құрағанын айтты. Осы жылдың қаңтар-сәуір айларында Қытай 1,494 миллион автомобильді экспорттады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 76,5%-ға өсті.

Осы жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында Қытайдың автомобильдері әлем бойынша 204 елге және аймаққа экспортталды. Оның 13,64 миллиард АҚШ доллары «Бір белдеу, бір жол» бойында орналасқан елдерге экспортталып, көрсеткіш 1,2 есеге өсіп, 45,9%-ды құрады. 12,41 миллиард АҚШ доллары экономикасы дамыған елдерге экспортталып, 1,2 есе ұлғайып, 41,8%-ды иеленді. Автомобиль экспортының жалпы көлемі бойынша жаңа энергетикалық көлік құралдарының үлесі 42,9%-ға жетіп, автомобиль экспортының өсуіне тиісті үлестің 51,6%-ын құрады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото