Шаньси Орталық Азия елдеріне алғашқы Қытай-Еуропа пойызын аттандырды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 29 мамыр

29 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 24 мамырда автомобиль бөлшектерімен, өндірістік жабдықтармен және басқа да тауарлармен толық жүктелген 50 вагоннан тұратын Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойызы Шаньсидің оңтүстігіндегі Линфэн ойпатының Хоума қаласынан Өзбекстанға, Қазақстанға және Орталық Азияның басқа елдеріне бет алды. Бұл Шаньсидің Оңтүстік аймағынан Орталық Азия елдеріне аттанған алғашқы Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойызы.

Шамамен 15 күннен кейін пойыз Шыңжаңның Қорғас бақылау-өткізу пункті арқылы, Қазақстан, Өзбекстан және басқа да Орталық Азия елдеріне жетеді.

2017 жылдан бастап Шаньси провинциясы 10 Қытай-Еуропа пойызын ашты. Бағыт бойынша пойыз 683 рет жолға шығып, «Бір белдеу, бір жол» бойындағы 13 елдің 33 қаласына қатынады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото