Цинь Ган Tesla-ның бас директоры Маскпен кездесті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 31 мамыр

31 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 2023 жылдың 30 мамырында Мемлекеттік Кеңестің мүшесі және Сыртқы істер министрі Цинь Ган Бейжіңде Tesla-ның Бас директоры Маскпен кездесті.

Цинь Ганның айтуынша, қытай халқы Қытай стиліндегі модернизация арқылы ұлттың ерекше жандануына жан-жақты ықпал етеді. Қытай стиліндегі модернизация ― халық саны аса ауқымды, барлық адамдар үшін ортақ өркендеуге ұмтылатын және адам мен табиғаттың үйлесімді өмір сүруін қолдайтын жаңашылдық. Бұл бұрын-соңды болмаған өсу әлеуеті мен нарықтық сұранысты тудырады. Ал Қытайдың жаңа энергетикалық көлік индустриясының даму перспективалары кең. Қытай сыртқы әлемге ашықтықты жоғары деңгейде ілгерілетуді жалғастырады. Әрі Tesla сияқты әртүрлі елдердің компаниялары үшін нарыққа бағытталған, заңмен қорғалатын және халықаралық деңгейдегі іскерлік ортаны құруға мүдделі. Қытайдың дамуы ― бүкіл әлем үшін мүмкіндік. Салауатты, тұрақты және сындарлы Қытай-Америка қарым-қатынасы Қытай мен Америка Құрама Штаттарына ғана емес, бүкіл әлемге пайдалы. Tesla-ны мысал ретінде қарастыратын болсақ, Қытай-Америка қарым-қатынасын оңтайлы дамыту үшін рульді мықты ұстап, Төраға Си Цзиньпин ұсынған өзара сыйластықтың, бейбіт қатар өмір сүрудің және өзара тиімді ынтымақтастықтың дұрыс бағытын қолдау қажет; көлік қауіпсіздігі үшін уақытында «тежегішті басу» керек; «газды қалай басуды» жете меңгеріп, өзара тиімді ынтымақтастыққа ұмтылуы тиіс.

Масктың айтуынша, Қытай халқы еңбекқор және ақылды, сондықтан Қытайдың даму жетістіктері де жоғары. Америка Құрама Штаттары мен Қытайдың мүдделері сәйкескендіктен, бір-бірінен алшақтамайды. Tesla «тізбекті ажыратуға немесе үзуге» қарсы. Керісінше Қытайдағы бизнесті кеңейтіп, осы елдегі даму мүмкіндіктерімен бөлісуге дайын.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото