Қытайда тереңдігі 10 000 метр болатын алғашқы геотехникалық бұрғылау-барлау жұмысы басталды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 31 мамыр

31 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 30 мамырда Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық регионы Тарым ойпатында тереңдігі 10 000 метрден асатын Қытайдағы алғашқы ғылыми-барлау ұңғымасы бұрғыланды. Бұл еліміздің терең қатпарлы орында табиғатты зерттеудегі ірі қадамы болып табылады.

Такламакан шөлінің ішкі бөлігінде орналасқан ұңғыма 11100 метр тереңдікте бұрғыланады деп күтілуде. Бұрғылау алдында жер бетінде биіктігі шамамен 20 қабатты болат мұнара тұрғызылып, құмды жердің беріктігіне кепілдік етеді. Бұрғылау басталғаннан кейін салмағы 2000 тоннадан асатын бұрғы жабдықтары жерді ұңғып, бор қабаты сияқты 10-нан астам қабатқа дейін жетпек. Сөйтіп, жердің терең қатпарын зерттеуге арналған «телескопқа» айналады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото